Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Бастауыш сыныптағы бес пән бойынша формативтік бағалау енгізіледі БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Бастауыш сыныптағы бес пән бойынша формативтік бағалау енгізіледі

    «Жер мен оның қойнауы халыққа тиесілі»: Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын айтты

    Олжас Сүлейменов Алматы қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, жаңа партия құратынын мәлімдеді. Партия «Қазақстан халық конгресі» деп аталады.

    Олжас Сүлейменов баспасөз өкілдерімен кездесу барысында жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін айтты. Сонымен қатар әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажет.

    «30 жыл бұрын халық конгресі айтқан сөзді, яғни жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін кеше Қасым-Жомарт Тоқаев қайталады», – дейді Олжас Сүлейменов.

    Сондай-ақ ақын партия құратыны туралы хабарландыруға қол қойып, тиісті органға жолдағанын айтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →