Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды •

    Алматыда жалақыны көтеруді талап еткен «Қазақтелеком» қызметкерлері ереуілге шықты

    Алматыда «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылықтарын білдірді. Техникалық бөлімнің қызметкерлері бүгін жұмысқа шықпай қойған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

    Адамдар компания кеңсесінің сыртында жиналыс өткізіп, онда жиналған қызметкерлер жалақы мөлшерін көтеруді талап еткен.

    «Азық-түлік бағасы күннен күнге көтеріліп жатса да жалақы сол күйінде қалды. Кабель цехында еңбек ететін 100 шақты адам шықты», — дейді ереушілердің бірі.

    Оның айтуынша, компания басшылығы мәселені шешуге уәде берген.

    «Жұмысшылар жалақыны көтеруді ауызша талап етті. Қазіргі уақытта серіктестік басшылығы наразылыққа қатысушылармен келіссөздер жүргізіп, бастамашыл топ құруды ұсынып, заң, сондай-ақ серіктестіктің ішкі құжаттары аясында кәсіподақпен бірлесіп, міндетті түрде қаралымнан өтетін бастамаларды анықтауда», – деп түсіндірді «Қазақтелеком» АҚ.

    Компания жалақы мөлшері тұрақты түрде қаралымнан өтетінін, ал бұл мәселеде техникалық бөлімдердің қызметкерлеріне басымдық берілгенін айтты.

    «Қазақтелеком» біржолғы төлемдерді (индексациялау) жүргізеді, ол өз кезегінде қалыптасқан инфляцияны теңестіреді және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда, бүгінде компанияның барлық қызметкері осындай біржолғы төлемді алды, осы мақсаттарға серіктестік қаражатынан 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген», – деп қосты акционерлік қоғам.

    Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап «Қазақтелеком» А8-В6 сыныптары үшін жалақы схемасын қайта қарайды. Бұдан бөлек, ақпан-наурыз айларында компания жыл сайынғы сыйақыны төлеуді жоспарлап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →