Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақтарды қаралаған Ресей журналисіне нот-грата жарияланбақ

    Ресейдің пропаганда журналисі Тигран Кеосаянға енді Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін. Яғни, Қазақстан тарапынан нон-грата жарияланбақ. Мұны елдің Сырқы істер министрінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.

    «Ресей тілшісі Тигран Кеосаянның Қазақстанды қаралауына бей-жай барамасқа болмайды. Оның айтқандары ресей қоғамның белгілі бір бөлігінің ой мен мақсаты болуы мүмкін, алайда ресей-қазақ қарым-қатынасының ықтымақтастық ниетіне мүлде сәйкес келмейді. Тілшінің бұлай сөйлеуі дұрыс емес, екі елдің қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін. Әрі оны ел дұшпандары кері пайдаланып кетуі мүмкін. Меніңше, оны (тілшіні – ред) Қазақстанға кіруге тыйым салынған тұлғалардың қатарына қосу керек», — дейді Айбек Смадияров.

    Еске сала кетейік, армян тектес ресей журналисі Тигран Кеосаян саяси-сатиралық Youtube-бағдарламасында Қазақстанның биыл әскери шеру өткізуден бас тартқанын «бетіне салық қып басып», Украинадағы жағдайды айтып сес көрсеткен еді. Елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін сөз айтылды.

    Ал Тигран Кеосаян – ресейдің танымал пропогандист журналистерінің бірі, АҚШ пен ЕуроОдақ елдеріне ену санкция салынған Маргарита Симоньянның күйеуі. М.Симоньян – Russia Today (RT) халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы. Өз кезегінде Симоньян да Қазақстан Укрианадағы жағдай қатысты ресми мәлімдеме жасағанда, қатты сынған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →