Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауғанстанда кез келген шеру өткізуге ресми тыйым салынды Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен Кұрылтайда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу мәселесі талқыланады Өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек – Президент Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады Ауғанстанда кез келген шеру өткізуге ресми тыйым салынды Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен Кұрылтайда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу мәселесі талқыланады Өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек – Президент Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады

    Қазақстанда жаппай жарық сөнді

    25 қаңтарда түсте Қазақстанның бірқатар өңірінде жарық сөнді. Жарық өшіп, интернет байланысы нашарлағанын Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларының тұрғындары хабарлады. Бұл туралы Азаттық басылымына сілтеме жасап Qazaq.today жазды.

    Электр энергия желілеріне жауапты KEGOC компаниясының түсіндіруінше, Өзбекстан мен Қырғызстан энергия жүйесінде туындаған едәуір теңсіздіктің салдарынан «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік Қазақстанға» 500 кВ көлемінде шамадан тыс қуат келген. Соның салдарынан тоқ дұрыс бөлінбей, Қазақстанның оңтүстік өңірінде кейбір аудандар жарықсыз қалған. «Шектеу көлемі – 1500 мВт». Компания қазір апатты жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

    Жарық сөнгендіктен Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалаларда бағдаршам істемей, көшелерде көлік кептелісі пайда болған. Алматының кейбір аудан тұрғындары 10-15 минуттан соң қайта жарық берілгенін хабарлады. Қаланың кейбір аумағында жарық мүлде сөнбеген.

    Бұған дейін кейбір сарапшылар Қазақстанның электр жүйесі технологиялық тұрғыда көрші елдерге тәуелді екенін, мемлекеттік одан құтылу үшін әрекет етпегенін сынаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →