Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийдегі әскерилердің қазаны: экс-ӘТК бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды • «Бес ай бойы жауап жоқ»: журналист министрліктен неге жауап болмағанын сұрады • Қазақстандықтар паспортты онлайн ала алмайды: Үкімет себебін түсіндірді • Балқаштан балықшының денесі табылды • Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді • Бектенов Абай облысындағы жылыту маусымына дайындықты сынға алды: әкім орынбасары жауапқа тартылмақ • Каспийдегі әскерилердің қазаны: экс-ӘТК бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды • «Бес ай бойы жауап жоқ»: журналист министрліктен неге жауап болмағанын сұрады • Қазақстандықтар паспортты онлайн ала алмайды: Үкімет себебін түсіндірді • Балқаштан балықшының денесі табылды • Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді • Бектенов Абай облысындағы жылыту маусымына дайындықты сынға алды: әкім орынбасары жауапқа тартылмақ •

    Қазақстандықтар паспортты онлайн ала алмайды: Үкімет себебін түсіндірді

    Қазақстандықтар паспортты онлайн ала алмайды: Үкімет себебін түсіндірді

    Фото: видеодан скрин

    Қазақстанда паспортты онлайн форматта рәсімдеу әзірге жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның сөзінше, қазір мерзімі аяқталған жеке куәлікті онлайн қайта рәсімдеу қызметі пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр. Алдымен осы қызметті толық жетілдіру көзделген, содан кейін ғана паспорт пен жеке куәлікке қатысты өзге жағдайларды онлайн форматқа көшіру мәселесі қарастырылады.

    Алдағы уақытта құжат жоғалғанда немесе азаматтың тегі өзгергенде жеке куәлікті онлайн рәсімдеу мүмкіндігі де қарастырылуы мүмкін.

    Коняшкиннің айтуынша, ХҚКО-ларға түсетін өтініштердің шамамен 79 пайызын құрайтын ең сұранысқа ие 10 қызметті онлайн форматқа көшіру жұмысы іс жүзінде аяқталған. Қазір шетелдіктерге ЖСН беру қызметін де онлайн форматқа ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

    Бұдан бөлек, тағы 12 қызмет толықтай цифрлық форматқа көшірілмек. Мұндай қызметтерді ХҚКО операторлары көрсетпейді, азаматтар оларды өзіне-өзі қызмет көрсету секторында мамандардың кеңесімен ала алады.

    Бірінші вице-министрдің мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде ХҚКО операторларына жүгінетін азаматтар саны шамамен 30 пайызға азайған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →