Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийдегі әскерилердің қазаны: экс-ӘТК бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды • «Бес ай бойы жауап жоқ»: журналист министрліктен неге жауап болмағанын сұрады • Қазақстандықтар паспортты онлайн ала алмайды: Үкімет себебін түсіндірді • Балқаштан балықшының денесі табылды • Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді • Бектенов Абай облысындағы жылыту маусымына дайындықты сынға алды: әкім орынбасары жауапқа тартылмақ • Каспийдегі әскерилердің қазаны: экс-ӘТК бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды • «Бес ай бойы жауап жоқ»: журналист министрліктен неге жауап болмағанын сұрады • Қазақстандықтар паспортты онлайн ала алмайды: Үкімет себебін түсіндірді • Балқаштан балықшының денесі табылды • Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді • Бектенов Абай облысындағы жылыту маусымына дайындықты сынға алды: әкім орынбасары жауапқа тартылмақ •

    Балқаштан балықшының денесі табылды

    Балқаштан балықшының денесі табылды

    Фото: Павлодар облысы ТЖД

    Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылып, қатты жел мен биік толқын құтқарушылардың жұмысын қиындатты. Ер адамның денесі су айдынын балық аулайтын аумен тексеру кезінде ғана табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен 1970 жылы туған ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.

    Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте Тасарал ауылынан шамамен 20 шақырым жерде болған. Ер адамның суға батып кеткені туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.

    Бірнеше күн бойы жедел-құтқару жасағының мамандары сүңгуірлік жабдықтар мен «ГНОМ» суасты қашықтан басқарылатын бақылау кешенін пайдалана отырып, көл айдынын тексерді. Іздеу жұмыстары күндіз жүргізілді.

    Марқұмның денесі балық аулайтын ау арқылы жағалаудан 2,5 шақырым қашықтықта, 4–5 метр тереңдіктен табылды. Мәйіт судан шығарылды.

    — Іздеу жұмыстарына қолайсыз ауа райы, атап айтқанда қатты жел мен биік толқын кедергі келтірді. Мұндай жағдайда сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу және су айдынын толық тексеру едәуір қиындайды. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға және ауа райы қолайсыз кезде су айдындарына шықпауға шақырады, — деп хабарлады Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

    Құтқарушылар балықшыларға суға шыққан кезде құтқару кеудешесін киюді және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске салды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →