Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды • Бір жүк көлігінің кесірінен Ақтауға кіретін жол мен пойыз қозғалысы жабылды (ВИДЕО) • Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады • Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады • Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды • Бір жүк көлігінің кесірінен Ақтауға кіретін жол мен пойыз қозғалысы жабылды (ВИДЕО) • Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады • Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады •

    Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Фото: Сали Сабыров

    Қазақстандық спортшы Нұрғиса Әділетұлы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды. Отандасымыз ауыр атлетикадан ерлер арасында 95 келі салмақта жарыс жолына шықты, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жұлқа көтеру сынында Нұрғиса 177 келіні бағындырса, ирандық спортшы Әли Әлипор 180 келі салмақты сәтті көтеріп, Азиада рекордын жаңартты.

    Серпе көтеруден қазақстандық спортшы 217 келі штанганы басынан асырып, Азия және Азиада рекордын жаңартты. Алайда, ирандық қарсылас үшінші мүмкіндігінде 218 келіні сәтті бағындырып чемпион атанды. Осылайша, қазақстандық спортшы жалпы есепте 394 келі нәтижемен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

     

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →