Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Алматыда «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатыр • Жолдың 100 метрін жөндемей кеткен: Ақтөбеде тұрғындар наразы • Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты Тоқаевқа көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр • Ислам Сәтпаев Азиадада қола медаль иеленді • «Толқынында теңіздің, жас сүйегің былқылдап»: Жандарбек Бұлғақов сарбаздарды жоқтады (ВИДЕО) • Каспийге кеткен тағы 2 сарбаздың денесі табылды • Президент Алматыда «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатыр • Жолдың 100 метрін жөндемей кеткен: Ақтөбеде тұрғындар наразы • Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты Тоқаевқа көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр • Ислам Сәтпаев Азиадада қола медаль иеленді • «Толқынында теңіздің, жас сүйегің былқылдап»: Жандарбек Бұлғақов сарбаздарды жоқтады (ВИДЕО) • Каспийге кеткен тағы 2 сарбаздың денесі табылды •

    Жолдың 100 метрін жөндемей кеткен: Ақтөбеде тұрғындар наразы

    Жолдың 100 метрін жөндемей кеткен: Ақтөбеде тұрғындар наразы

    Фото: видеодан скрин

    Ақтөбе қаласындағы Бурабай көшесінің тұрғындары аяқталмай қалған жол жөндеу жұмысына наразы. Екі апта бұрын көшедегі ескі асфальт алынып, кейін жаңа жол төселгенімен, шамамен 100 метр бөлігі сол күйі жөндеусіз қалған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Тұрғындардың айтуынша, бұл учаскеде шұңқыр көбейіп, көлікпен жүру қиындаған. Жомарт Едірішев мәселені бірнеше рет көтеріп, көшенің толық жөнделуін талап етіп жүргенін айтады. Жергілікті редакция әкімдікке, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына және бірнеше мердігер ұйымға хабарласқанымен, аталған учаскеде нақты қай компания жұмыс істегенін анықтай алмағанын жазды. Сондықтан Бурабай көшесіндегі қалған 100 метр жолдың қашан жөнделетіні әзірге белгісіз.

    Видео: @fakt_taulik_aktobe

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →