Қазақстандық спортшы триатлоннан Азия кубогында топ жарды
Фото: olympic.kz
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Қазақстандық спортшы Дарын Қонысбаев ерлер арасындағы жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз жарыс қашықтығын 1 сағат 00 минут 49 секундта бағындырып, бірінші орын иеленді.
Күміс медальді Ресей спортшысы Григорий Антипов 1:01:01 нәтижесімен жеңіп алды. Тағы бір ресейлік Алексей Петровский 1:01:17 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстандық өзге спортшылардың нәтижесі:
- Рамазан Әйнегов – 20-орын;
- Елмұрат Қанай – 25-орын;
- Нұрасыл Сапарбек – 26-орын;
- Федор Кузнецов – 30-орын;
- Арсений Шевченко – 31-орын;
- Матвей Шевнин – 35-орын;
- Әлинаби Маралбеков – 40-орын.
Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық Алуа Нұрмұхамет 14-орын алды. Калерия Шнейдер – 18, Арина Шульгина – 19, Рамина Агабаев – 20, Вероника Иванюк 22-орынға тұрақтады.
