Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • АҚШ-та ерлі-зайыптылар итіне 3 млн доллар жұмсап, үйін қайта жабдықтады

    Нью-Йорктегі ерлі-зайыптылар иті Бастерге ыңғайлы болу үшін үйін 3 млн долларға жөндеп, қазір оны 2,9 млн долларға сатуда.

    АҚШ-та ерлі-зайыптылар итіне 3 млн доллар жұмсап, үйін қайта жабдықтады

    Сурет: pixabay.com

    Нью-Йоркте тұратын Говард пен Сьюз Рубин иттері Бастердің жайлылығы үшін үйлерін кең ауқымды жөндеуден өткізген. Бұл жобаға жұмсалған қаржы шамамен 3 миллион долларды құраған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұрын Флоридада өмір сүрген ерлі-зайыптылар Бастердің ыстық әрі ылғалды климатқа бейімделуі қиынға соққандықтан, Нью-Йорк штатындағы Вестчестер округіне көшуді ұйғарған. Олар жаңа үйді 1,825 миллион долларға сатып алып, жөндеу мен аумақты абаттандыруға тағы 1 миллион доллар жұмсаған.

    Үй ішіне тоғыз теледидар орнатылған, осының арқасында Бастер кез келген бөлмеде «Щенячий патруль» мультсериалын тамашалай алады. Сонымен қатар бассейнге итке арналған көлбеу демалыс аймақтары жасалған. Аулада жануарға жеке қоршалған аумақ жабдықталып, жасанды көгал төселген.

    Говард Рубиннің сөзінше, олар үй жануары үшін өмірлерін құрбан етпеген, алайда Бастердің қажеттіліктеріне қарай күнделікті өмір салтын айтарлықтай өзгерткен. Қазір ерлі-зайыптылар Флоридаға қайта көшуді жоспарлап отыр, сондықтан арнайы жабдықталған үй 2,9 миллион долларға сатылымға қойылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →