Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.
Айта кетейік, Аида Балаева ҚР Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
— Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.