Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады Астанада велосипед мінген әйелді жүк көлігі қағып, қаза тапты «Мама, мені жалғыз қалдырдың»: Анна Данченконың отбасы қара жамылды Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады Астанада велосипед мінген әйелді жүк көлігі қағып, қаза тапты «Мама, мені жалғыз қалдырдың»: Анна Данченконың отбасы қара жамылды Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды

    «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады

    «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады

    Фото: Ашық дереккөз

    Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ағасын еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    «Анашым Зайфунун, ағасы өмірден озғанда “Әуелі сөзің басы еді-ау, жарқыным жүз боп жасынды-ау” деген өлең жолдарымен жоқтау айтып, іш күйігін шығарып отырған сәттері әлі көз алдымда… Міне сол қайғы менің де басыма  орнады. Өзім ерекше жақсы көретін ағам, сағынып кеттім. Бір иіскеп, маңдайынан сүйіп өтсем деген бауырлар чатындағы голосовойлары әлі тұр. Жүрегімнің жылауын жырлау үшін осы өлең жолдарын ағама арнадым. Мен бұл әнді айтпақ түгілі, басын бастағаннан кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын. Сол себепті ИИ мен жоқтауымды өз оқырмандарыма жеткізгім келді»,– деді продюсер.

    Продюсер отбасында төрт бауырынан  айырылғанын айтып, ішкі қиналысын жасырмады. Марқұм ағасының елге тигізген жақсылықтарымен бөлісіп, сағынышын әнмен жеткізген.

    «Араларыңызда мен ғана емес шығар бауырымнан айырылған, сіздер де еске алып, құран бағыштап жүрсек, оларға басқа түкте керегі жоқ. Енді тек құранымыз ғана, баяғыдай дауысын есту де, жаутаңдап жолымды күтпейді, бітті бәрі де. Біз 5 ұл, 3 қыз едік, 4 бауырымызды ажал құшқан. Сабит ағамның әрбір жасап кеткен ісіне бүкіл қоршаған ортасы, көршілері тек разылығын айтып жүректері жылып тұрды. Алматының шетіне Бұлақты ауылына жарық кіргізіп, тас жол салдырып, 100 тал егіп, соншалықты өте үлкен зиратты түгелімен қоршатып, араға көпір салып, мына жақтан жер алыңдар деп елге көмектесті»,– деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →