Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді •

    Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті

    Әнші Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті. Желі қолданушыларының сынынан кейін әннің жаңа нұсқасы ұсынылды.

    Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті

    Сурет: Ашық дереккөз

    Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен «Сүй, иә» әнінің мәтіні жаңартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әнші Әділет Жауғашар көпшілік тарапынан айтылған сыннан кейін туындыдағы даулы жолдарды алып тастады. Бұған дейін әннің «Сұлудың жоқ дегені – иә» деген жолы желі қолданушыларының наразылығын тудырған еді. Жұртшылық бұл сөз адамның «жоқ» деген жауабын елемеуді ақтайтындай әсер қалдыратынын айтып, ән мәтінін сынға алған.

    Кейін әннің жаңа нұсқасы ұсынылды. Онда даулы шумақтың орнына: «Сұлудың жоқ дегенін сыйла, Сезімді ала алмайсың қинап. Қыздарды жамандыққа қима, Қима» деген жолдар жазылған.

    Ән мәтінінің өзгеруі әлеуметтік желіде де қолдау тапты. Көпшілік өнер иесінің сын-пікірді ескеріп, туындысын қайта қарағанын оң бағалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →