Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мемлекет басшысы Сингапурдың Аға министрін қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды қабылдап, екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтті.

    Мемлекет басшысы Сингапурдың Аға министрін қабылдады

    Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесу өткізді. Бұл сапардың еліміз үшін тарихи маңызы зор екенін атап өткен Мемлекет басшысы, 1991 жылдың қыркүйегінде, Қазақстан тәуелсіздігінің бастапқы кезеңінде Ли Сянь Лунның әкесі Ли Куан Юдың Қазақстанға жасаған сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастың берік іргетасын қалағанын еске салды.

    Президент Сингапур басшылығының көреген саясатын жоғары бағалап, елдің қаржы, сауда, инновация және технология салаларындағы жаһандық орталыққа айналу жетістіктері халықаралық қоғамдастыққа үлгі екенін жеткізді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамуын, тұрақты саяси диалогты, сауда-саттықтың өсуін және сингапурлық инвестициялардың тартылуын атап өтті.

    Қазақстан мен Сингапур тиісінше Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ірі сауда серіктестері болып табылады. Қазіргі уақытта елімізде сингапурлық капитал қатысқан 500-ге жуық компания жұмыс істеп, олардың саны артып келеді. Мемлекет басшысы елдеріміздің көпжақты форматтарда тығыз байланыс орнатқанын, екеуі де орта держава ретінде халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұқсас ұстанымда екенін айтты. деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →