Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр •

    «Көршім баласын өткізейін деп жатыр»: Жасұлан Базарбаев елден көмек сұрады

    «Көршім баласын өткізейін деп жатыр»: Жасұлан Базарбаев елден көмек сұрады

    Фото: видеодан скрин

    Әнші Жасұлан Базарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының бірі жазған жан тебірентерлік пікірмен бөлісті, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Желі қолданушысы көршісінің жеті жасар баласын біреуге беруге мәжбүр болып отырғанын жазған.

    «Мен де жылап-жылап қойдым. Көршім баласын өткізейін деп жатыр. Жақсы көремін балақайды, 7 жаста. Өткізбейін десе, мамасы жұмыс жасауы керек. Түнде кеш қайтады. Балаға қарайтын адам жоқ. Бала ішіп қала ма деп ойлаймын, себебі мамасын қатты жақсы көреді. Құдай аясын деп отырмын. Еркектер, бала-шағаларыңыздан хабар алыңыздаршы», – делінген пікірде.

    Әнші бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, бала асырап алуға ниетті жандарды аталған отбасына көмектесуге шақырды.

    «Тағы бір тірі жетім дайын тұр екен-ау. Бала асырап аламын деп жазып жатқандар осы отбасыға жәрдем берсе де болады-ау. Яғни кешегі қыздың тағдырына алаңдап, “балаларыма серік болады” деген жандардың құлағына алтын сырға. TikTok парақшама жазыпты», – деді Жасұлан Базарбаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →