Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты

    БАӘ-нің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыз қаза тапты. ҚР СІМ көңіл айтып, жағдайды тергеу жүріп жатыр.

    БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты

    Сурет: madeniportal.kz

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыздың қаза болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын БАӘ-нің жергілікті құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Тергеу амалдарына байланысты қайғылы жағдайдың нақты себептері әзірге жарияланған жоқ.

    «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Шарджа қаласында қаза тапқан азаматтарымыз А.Б. және Ж.Б.-ның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. СІМ марқұмдардың отбасыларымен байланыста және өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсетіп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.

    Туыстарының айтуынша, 2006 және 2004 жылы туған екі қыз Шарджада еңбек еткен. Олар тамыз айының соңы – қыркүйек айының басында Қазақстанға оралуды жоспарлаған. Алайда шамамен бір апта бұрын олар жақындарымен байланысын үзген.

    Кейін туыстарына қыздардың қаза болғаны туралы хабар жеткен. Жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың отбасыларына консулдық-құқықтық көмек көрсетіп, БАӘ құзырлы органдарымен байланыста.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →