Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 23 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қызылорда көш бастады: Сайлауға қатысу көрсеткіші белгілі болды

    Қызылорда көш бастады: Сайлауға қатысу көрсеткіші белгілі болды

    Фото: Ақорда

    Орталық сайлау коммисиясы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруіне қатысты кезекті ақпаратын жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:

    1. Астана қаласы бойынша – 46,38%.

    2. Абай облысы бойынша – 71,18%.

    3. Ақмола облысы бойынша – 73,69%.

    4. Ақтөбе облысы бойынша – 75,63%.

    5. Алматы облысы бойынша – 67,23%.

    6. Атырау облысы бойынша – 63,37%.

    7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,81%.

    8. Жамбыл облысы бойынша – 69,11%.

    9. Жетісу облысы бойынша –  77,03%.

    10. Қарағанды облысы бойынша – 70,91%.

    11. Қостанай облысы бойынша – 70,09%.

    12. Қызылорда облысы бойынша – 81,38%.

    13. Маңғыстау облысы бойынша – 65,86%.

    14. Павлодар облысы бойынша – 67,06%.

    15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,94%.

    16. Түркістан облысы бойынша –  76,73%.

    17. Ұлытау облысы бойынша – 64,29%.

    18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,33%.

    19. Алматы қаласы бойынша – 36,65%.

    20. Шымкент қаласы бойынша – 67,92%.

    Жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады.

    Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат  сағат 18.00-де беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →