Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі • Алматы облысының әкімдігі жолдың сапасын неге қадағаламайды? • Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі • Алматы облысының әкімдігі жолдың сапасын неге қадағаламайды? • Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді •

    Ипотекасын әлі төлеп отыр, ал үйі құлағалы тұр: Атырауда тұрғындар дабыл қақты

    Ипотекасын әлі төлеп отыр, ал үйі құлағалы тұр: Атырауда тұрғындар дабыл қақты

    Фото: видеодан скрин

    Атыраудағы Талқайраң-2 ықшам ауданының тұрғындары ипотекаға алған баспаналарының қабырғасы жарылып, іргетасы шөгіп, тұруға қауіпті жағдайға жеткеніне шағымданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған 60 үйдің 48-інен ақау анықталған, ал бұған дейін жүргізілген сараптама бірқатар баспананың жағдайы күрделі екенін көрсеткен. Тұрғындардың сөзінше, кейбірі 20 жылға ипотека рәсімдеген және қарызын әлі төлеп отыр, бірақ бірнеше жыл бұрын ғана пайдалануға берілген үйлердің қабырғалары сөгіліп, едені мен іргетасы шөге бастаған. Бұл үйлерді үш мердігер компания салған, соның ішінде «Батыс Альянс Строй» компаниясы да бар; аталған компания бірқатар тұрғынға өтемақы төлеуге келіскені бұған дейін хабарланған. Ең үлкен сұрақ — құрылыс сапасы осындай деңгейде болса, бұл баспаналарды кезінде кім және қандай қорытындымен пайдалануға қабылдады деген мәселе. Қазір тұрғындар қауіпсіз баспана мен нақты шешім күтеді, ал мәселе бойынша қылмыстық іс те қозғалған.

    Видео: @atyrau.today06

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →