Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді •

    Қытайлық Bilibili видеохостингі халықаралық нарыққа шығады

    Қытайлық Bilibili видеохостингі әлемдік нарыққа шығатынын жариялады. Нақты мерзімі әзірге белгісіз, қосымшаны жүктеп алуға болады.

    Қытайлық Bilibili видеохостингі халықаралық нарыққа шығады

    Сурет: egemen.kz

    Қытайдың танымал Bilibili видеохостингі әлемдік нарыққа қадам баспақ. Бұл туралы компания ресми түрде мәлімдеді, алайда нақты уақытын әзірге жариялаған жоқ. Пайдаланушыларға тек «жаңартуларды қадағалап отыруды» ұсынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қосымшаны қазірдің өзінде жүктеп алу мүмкіндігі бар, дегенмен интерфейстің басым бөлігі әлі күнге дейін қытай тілінде. Бастапқыда Bilibili аниме, комикс пен ойын әуесқойларына арналған платформа ретінде танылған еді. Уақыт өте келе мұнда деректі фильмдер, түрлі шоу бағдарламалар мен авторлық жобалар да пайда болды. Ал бейне үстінен үздіксіз жүретін danmu пікірлері контент көруді ерекше бір шоуға айналдырып жібереді.

    Енді қытайлық видеосервис әдеттегі аудиториясынан асып, халықаралық нарықты игеруді көздеп отыр. Әлеуметтік желілерде Bilibili-ді бейресми түрде «қытайлық YouTube» деп атайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →