Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды •

    «Қоқысқа көміліп, үйлері тозған»: Атырау тұрғыны аудан әкімінің жұмысын сынға алды

    «Қоқысқа көміліп, үйлері тозған»: Атырау тұрғыны аудан әкімінің жұмысын сынға алды

    Фото: видеодан скрин

    Атырауда Құрманғазы ауданының тұрғыны елді мекендегі қоқыс пен ескі үйлердің жағдайына шағымданды. Оның айтуынша, Комхоз маңындағы жасыл желек пен шөп басқан аумақта тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр, ал арнайы техника бұл жерді тазаламайды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғын өткен ғасырдың 50-жылдары салынған екі қабатты үйлердің әбден тозғанын айтып, аудан әкімінің бұл үйлердің жағдайынан хабары бар-жоғын сұрады. Сондай-ақ ол жағдайы төмен отбасылар мен жалғызбасты әйелдер тұратын баспаналарды жаңарту немесе тұрғындарды қауіпсіз үйге көшіру мәселесін көтерді. Бұдан бөлек, кейбір үйлердің кіреберісіне дүкен салынып, төтенше жағдай кезінде өрт сөндіру техникасының кіруіне кедергі келуі мүмкін екенін айтып, мұндай құрылысқа кімнің рұқсат бергенін сұрады. Бір аумақта қоқыс, тозығы жеткен баспана және қауіпсіздік мәселесі қатар көтеріліп отырғанда, аудан әкімдігінен нақты шара мен түсініктеме қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →