Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдап, волонтерлік бастамаларды қолдағаны үшін алғыс білдірді.

    Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесу барысында Президент Қазақстанның волонтерлік бастамаларды тұрақты қолдағаны және Астанада өтіп жатқан ТМД волонтерлер форумына қатысқаны үшін Тойли Курбановқа алғыс білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Бұған дәлел – 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған орнықты дамудағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау жөніндегі Қазақстанның ұсынысы.

    – Біз еріктілікті мемлекеттік саясат тұрғысынан шынайы патриотизмнің және жастарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көрінісі ретінде қарастырамыз. Менің бастамаммен жаңа Конституцияға волонтерлік қағидалары енгізілді. Онда волонтерлік қызметті ынталандыру алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді, – деді Президент.

    Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылы аясында мыңнан астам іс-шара өтіп жатыр, ал волонтерлер саны 300 мыңға жуықтады.

    Сонымен қатар, волонтерлік қозғалыстың 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы әзірленуде. Волонтердің цифрлық паспорты енгізіліп, мемлекеттік қолдау тетіктері мен өңірлік инфрақұрылым жетілдірілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →