Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді

    «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы

    «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы
    Фото: instagram.com/rozaalkozha

    Әнші Роза Әлқожа адам өмірі, еңбек пен пенделік туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесінің айтуынша, адам өмірінің алғашқы жартысында қолынан келгенін жасап үлгеріп, кейін еңбегінің жемісін көруі керек.

    «Адам өмірінің жартысына дейін бәрін жасап үлгеріп қалуы керек екен. Ары қарай еңбегіңнің жемісін көресің. Демаласың, саяхаттайсың. Шамамның келгенінше, мүмкіндігім болғанынша әрекет еттім. Бір жерде қалағаным болған шығар, бір жерде болмаған шығар?! Бір жерде біреуді қуантқан шығармын, бір жерде ренжіткен шығармын, білмеймін, бұл – өмір. Мен де пендемін. Мен де қателесемін. Бастысы, бар жағдайда шынайы болуға тырыстым. Бастысы – бәрін әдемі жасауға тырыстым. Ал болмаған болса, қанша жамап-жапсаң да, өзі үңірейіп тұратын жер болады екен», – деп жазды әнші.

    Роза Әлқожа өмірде адамның ойлағаны әрдайым орындала бермейтінін айтып, әр сәтке шүкіршілік ету керегін жеткізді.

    «Қанша тартсаң да, жарыққа баспайтын жандар болады екен. Мейлі. Біз бәріміз Алланың құлы ғанамыз. Адам мәңгі ақылды болмайды екен. Әсте-әсте жинағаның бір пәсте шашылып қалатын кез болады екен. Сондықтан да толықтай ешкім “мұсылманмын” деп те, “данамын” деп те мақтана алмайды екен. Бұл өмір ақыреттің егіндігі болса, өмір-ұстаз күн сайын шәкірт етеді, өлгенше сабақ алып өтеді екенсің. Алла тағаланың берген әр сәтіне шүкір! Алланың берген бар нығметіне шүкір! Жақсы сөзбен жақсылардың жанында жақсы күндерде жарқырап жүре берейік!» – деді Роза Әлқожа.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →