Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады Ертісте 4 күн іздестірілген ер адамның денесі табылды Зайсан жағасында қоқысты шұңқырға көміп жатыр: тұрғын әкімдіктен тексеруді талап етті «Полицияны көріп, қаша жөнелген»: Талапкерде мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған Қытайлық гуманоид робот Усэйн Болттан да жылдам жүгірді «Үйіміз құлағалы тұр»: Атырауда ипотекаға баспана алған тұрғындар дабыл қақты «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады Ертісте 4 күн іздестірілген ер адамның денесі табылды Зайсан жағасында қоқысты шұңқырға көміп жатыр: тұрғын әкімдіктен тексеруді талап етті «Полицияны көріп, қаша жөнелген»: Талапкерде мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған Қытайлық гуманоид робот Усэйн Болттан да жылдам жүгірді «Үйіміз құлағалы тұр»: Атырауда ипотекаға баспана алған тұрғындар дабыл қақты

    «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады

    «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады

    Қымбат Әбілдақызы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы пікір білдіріп, жас келіндерге кеңес берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    «Қыс азығын жаз жинап, жаз күндерінен мол күш-қуат алып, арасында демалып, бәріне үлгеріп жүрсіздер ме, ойы ортақ, пікірлестерім?

    Ене мен келін бірлігі туралы тақырып аясы күн санап кеңейіп, салмағы ауыр сұрақтар тоқтаусыз ағылуда…», – деп бастады ол жазбасын.

    Қымбат Әбілдақызы айтқан пікірі қоғамда талас тудыруы мүмкін екенін де жасырмады. Дегенмен пікір алмасу арқылы ортақ ойға келуге болатынын жеткізді.

    «Әрине, мен де өздеріңіздей пендемін. Сұрақтарыңызға жауабым – талас тудыруы мүмкін. Алайда сол пікірталастан бірімізден-біріміз оймақтай ой алып, оянсақ, ойлансақ – мақсатқа бірге жетеміз», – деді ол.

    Жазба авторы бұл жолғы пікірі кейбір келіндерге ұнамауы мүмкін екенін айтып, ата-ененің көңілін табуға тырысу қажеттігін атап өтті.

    «Бұл жолы кейбір келіндеріме ұнамауым әбден мүмкін. Шындық жалпыға бірдей жақпайтынын білемін. Бірақ айтпауға – арым жібермейді.

    Айналайындарым, “дос – жылатып айтады” деген халық даналығы да жанашырлықтан туған. Жас кезде ата-енеден жалпылдау күтпей, өздерің жарқылдап жүріп, ет жүрекке кіріп алыңдар. Үлкендер – бордан келеді, езілтіп, елжіретіп “жеңіп” алсаңдаршы…», – деп жазды Қымбат Әбілдақызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →