Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды «Алкогольге тәуелділік»: Олимпиада чемпионы алғаш болып кете жаздағанын ашық айтты Мектеп асханаларында төлем жүйесі түбегейлі өзгертілді Елдос Сметовтің рейтингі алғаш рет TOP-100-ден түсіп қалды «Жігітіңіз жоқ қой»: Алтынай Жорабаева қызының құдалығын өткізді Қазақстан мектептерінде БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады: жаңа оқу жылында тағы не өзгереді? Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды «Алкогольге тәуелділік»: Олимпиада чемпионы алғаш болып кете жаздағанын ашық айтты Мектеп асханаларында төлем жүйесі түбегейлі өзгертілді Елдос Сметовтің рейтингі алғаш рет TOP-100-ден түсіп қалды «Жігітіңіз жоқ қой»: Алтынай Жорабаева қызының құдалығын өткізді Қазақстан мектептерінде БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады: жаңа оқу жылында тағы не өзгереді?

    Қазақстан мектептерінде БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады: жаңа оқу жылында тағы не өзгереді?

    Қазақстан мектептерінде БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады: жаңа оқу жылында тағы не өзгереді?

    Фото: видеодан скрин

    2026–2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінің білім беру бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жаңа оқу жылында 5–7-сыныптарға «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. Ал 8–11-сынып оқушылары «Заң және тәртіп» міндетті курсын оқиды. 5–11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» курсы да міндетті болады. Бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылған «Құқық негіздері» енді барлық оқушы үшін міндетті пәнге айналады. Бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. БЖБ мен ТЖБ алынып тасталып, оның орнына күнделікті қалыптастырушы бағалаудың рөлі күшейтіледі. Оқушының білімін тексеру тәсілін мұғалім өзі таңдай алады. Аралық бақылау диктант, мазмұндама, шығарма, жоба, ауызша немесе практикалық жұмыс түрінде өткізілуі мүмкін. Жаңа талаптар 2026–2027 оқу жылынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →