Мақпал Жүнісова бауырының ұлының үйлену тойын жариялады
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова бауырының ұлының үйлену тойы туралы әлеуметтік желіде бөлісті. Жас жұбайларға бақыт тіледі.
Сурет: turkystan.kz
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Әншінің айтуынша, бауырының ұлы шаңырақ көтеріп, әулетке жаңа келін түскен. Жас жұбайлар келінді әжесінің қара шаңырағына түсірген.
Мақпал Жүнісова қуанышты сәттен видео жариялап, жастарға ән арнап, ақ тілегін жеткізді.
«Анамның немересі үйленді. Келінді анамның қара шаңырағына әкеліп түсірдік. Құтты келін болсын! Жастар бақытты болсын!» – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары да әншінің отбасындағы қуанышқа ортақтасып, жас жұбайларға бақыт пен береке тілеген.
