Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты •

    Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек

    Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек

    Танымал блогер әрі тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі Сұлтанмен бірге өтетін үйлену тойын көпшілікке жаңа форматта көрсетпек, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жұп 30 тамызда өтетін салтанатты кешті онлайн трансляция арқылы көрсетуді жоспарлап отыр. Диана Скатова әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың тікелей эфиріне қосылуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың сілтемесін жариялаған.

    Алайда трансляцияны көру тегін болмайды. Тойдың онлайн көрсетілімінің құны — 990 теңге.

    Көрермен алдымен Telegram-бот арқылы төлем жасап, оның түбіртегін модераторға жіберуі қажет. Төлем расталғаннан кейін жабық Telegram-арнаға қосылуға арналған сілтеме беріледі.

    Осылайша, Диана Скатова мен Сұлтан шаңырақ көтеру қуанышын жақындарымен бірге атап қана қоймай, онлайн форматта оқырмандарымен де бөліспек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →