Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды

    СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды

    Фото: Видеодан скрин

    Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауданда бұршақ жауып, жұрттың бау-бақшасына зиян келтірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желіде тұрғындар Есіл, Шал ақын және Мамлют аудандарында бұршақ жауғанын айтты. Әсіресе Есіл ауданындағы Ясновка ауылында оның үлкендігі тауық жұмыртқасындай болған.

    Ал осы аудандағы Явленка ауылында бұршақ кішіректеу болғанымен, тұрғындарға біраз зиянын тигізген.

    — Жауын-шашын шамамен жарты сағатқа созылды. Алдымен 15 минут қатты жаңбыр жауды, арты бұршаққа ұласты. Дауыл тұрып, біреуіміздің гараж-қорамыздың шатырын зақымдады, көршілердің қоршауын жұлып кетті, — дейді ауылдықтар.

    Бұршақ бақшада өсіп тұрған қияр-қызанақты ұрып, сау-тамтығын қалдырмаған.

    «Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалы бір күн бұрын қолайсыз ауа райы туралы ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →