Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінің жеңімпазын құттықтады

    Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінің жеңімпазын құттықтады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

    «Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды»,– делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы бұл додаға алғаш рет қатысқан 21 жастағы маңғыстаулық палуан. Ол шешуші белдесулерде қайсарлық пен шеберлік танытып, алтын белбеуді жеңіп алды.

    Турнир жеңімпазы Qazaqstan Barysy алтын белбеуімен қатар 15 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Күміс жүлдегерге күміс белбеу мен 3,5 млн теңге, ал қола жүлдегерге қола белбеу және 1,5 млн теңге табысталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →