Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді Ұлдана Мырзуанның анасы: банкте қызымның несиесі жоқ екенін өзім тексердім Маңғыстау балуаны Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 жеңімпазы атанды Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы күміс медаль алды Қазақстан оқушылары IOI 2026-да 10-орынға ие болды Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді Ұлдана Мырзуанның анасы: банкте қызымның несиесі жоқ екенін өзім тексердім Маңғыстау балуаны Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 жеңімпазы атанды Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы күміс медаль алды Қазақстан оқушылары IOI 2026-да 10-орынға ие болды Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті

    «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді

    Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының қайта үйленуіне реніш білдіріп, адамгершілік пен сыйластықтың сақталуы керектігін айтты.

    «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді

    Сурет: politico.kz

    Қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, қызының бұрынғы күйеу баласының қайта шаңырақ көтеруіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әйел бұл жаңалықты әлеуметтік желіден білгенін жеткізді. Оның айтуынша, ақпаратты оқығаннан кейін таң атқанша көз іле алмай, өткен оқиғаларды қайта-қайта ойлаған.

    Ұлдананың анасы қызының қазасынан кейін құжаттарды реттеу кезінде бұрынғы күйеу баласының асығыс әрекет еткенін де еске алды. Ол ер адамның зейнетақы қорына қатысты мәселелерді тезірек аяқтауды сұрағанын айтты.

    Қазір анасы сол кездегі әрекеттердің себебіне байланысты түрлі сұрақ туындағанын жасырмады. Әсіресе бұрынғы күйеу баласының жақын арада үйленетінін өзінен жасырып қалғанына қынжылған.

    «Мен де анамын ғой. Неге маған ештеңе айтпады? Мұны білуге менің де құқығым бар еді деп ойлаймын», – деді ол.

    Сұхбат барысында Руслан Өтепбай әйелден оған ең ауыр тигені бұрынғы күйеу баласының көп ұзамай қайта үйленуі ме, әлде бұл туралы өзі келіп сөйлеспегені ме деп сұрады.

    Ұлдананың анасы екі жағдайдың да жанына батқанын айтты. Оның пікірінше, бұрынғы күйеу баласы кем дегенде бір жыл күтуі керек еді.

    «Ол мені анам деп айтатын. Ал қазір ойласам, мені сыйламағаны ма деген сұрақ туындайды. Адамгершілік қайда?» – деді әйел.

    Ол мұндай даулы жағдайда мәселенің заң аясында шешілуі жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның сөзінше, кез келген жағдайда адамдық қарым-қатынас пен сыйластық сақталуы керек.

    Сұхбатта сондай-ақ Ұлданадан кейін қалған мүлікке қатысты дау және 20 млн теңге көлеміндегі қаражат мәселесі сөз болды. Анасының айтуынша, бұл жағдай тараптар арасындағы келіспеушіліктің себептерінің бірі болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →