Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты

    «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты

    Фото: saken_maigaziyev/instagram

    Танымал әнші Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесінің айтуынша, әріптесіне кардиологиялық орталықта төрт сағатқа жуық ота жасалған.

    «Кенжебекке кеше кардиологиялық орталықта ота жасалып, төрт сағатқа созылған ем-шара сәтті өтті. Алла тағала шипасын берсін. Барша медицина қызметкерлеріне мың рақмет. Қолдарыңыз дерт көрмесін. Сіздер де ауырмаңыздар», – деп жазды Сәкен Майғазиев.

    Әнші әріптесіне қолдау білдіріп, оның тезірек сауығып, қатарға қосылуын тіледі. Желі қолданушылары да әншіге еміне шипа тілеп, ақ тілектерін жазды.

    Айта кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтің жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →