Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды •

    «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды

    «Тобыл» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Партизаннан» ұтылып, еурокубоктағы жолын аяқтады. Қазақстаннан тек «Қайрат» қалды.

    «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстандық «Тобыл» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сербиялық «Партизаннан» өз алаңында жеңіліп, еурокубоктағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қостанайдағы Орталық стадионда өткен қарымта матч қонақтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Кездесудің 7-минутында Ислам Чесноков есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды.

    Алайда екінші таймда «Партизан» ойынды өз пайдасына бұра алды. 47-минутта сербиялық қорғаушы Стефан Митрович есепті теңестірсе, 90+2-минутта ивуариялық шабуылшы Шака Траоре жеңіс голын соқты.

    Екі матчтың қорытындысы бойынша белградтық клуб 5:1 есебімен басым түсіп, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Енді «Партизан» испаниялық «Хетафемен» кездеседі.

    Ал «Тобыл» биылғы еурокубоктағы өнерін аяқтады. Қазақстандық клубтардан халықаралық аренада әзірге тек «Қайрат» қалды. Алматы командасы кемінде Конференция лигасының жалпы кезеңіне қатысу құқығына ие болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →