Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада ұлттық қолөнер мектебінің қорытынды іс-шарасы өтті Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдап, 2026 жылғы есепті тыңдады Шерхан Аймахан өмірбойына сотталды Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды Хиджабтағы әйел көшеде қыздарға тиісіп, «түрмеде шірітемін» деп қорқытқан Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады Астанада ұлттық қолөнер мектебінің қорытынды іс-шарасы өтті Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдап, 2026 жылғы есепті тыңдады Шерхан Аймахан өмірбойына сотталды Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды Хиджабтағы әйел көшеде қыздарға тиісіп, «түрмеде шірітемін» деп қорқытқан Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады

    Астанада ұлттық қолөнер мектебінің қорытынды іс-шарасы өтті

    Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының қорытынды іс-шарасы өтті. 208 қатысушыға 10 шебер дәстүрлі қолөнерді үйретті. Аида Балаева жобаның маңызын атап өтті.

    Астанада ұлттық қолөнер мектебінің қорытынды іс-шарасы өтті

    Сурет: turkystan.kz

    Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасының қорытынды іс-шарасы өтті. Бұл жобаны «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    27 шілде мен 12 тамыз аралығында еліміздің үздік 10 қолөнер шебері 8 бен 20 жас аралығындағы 208 қатысушыға дәстүрлі қолөнердің технологиялары мен қыр-сырын үйретті.

    ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларды жобаның сәтті аяқталуымен құттықтап, тәлімгер шеберлерге, ұйымдастырушыларға, ата-аналарға және барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

    Ол бүгінде дизайн, сән, сәулет, туризм және креативті индустриялардың өзге де бағыттарында ұлттық нақышқа деген қызығушылық артып келе жатқанын, бұл үрдіс шеберлерге де, жастарға да жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

    «Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны сақтауға, шығармашыл жастарды қолдауға және креативті индустрияларды дамытуға ерекше назар аударып келеді. Қолөнер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымы мен көркем талғамын танытатын асыл қазына. Сондықтан ұлттық қолөнерді сақтау жекелеген бұйымдарды жинақтап, көрмеге қоюмен ғана шектелмейді. Оның ең сенімді жолы – өнердің қыр-сырын шеберден шәкіртке үйретіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғау. «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы осы маңызды міндетке нақты үлес қосып отыр. Ендігі маңызды міндет – дәстүрлі қолөнерді сақтап қана қоймай, оған заманауи дем беру. Дәстүр өткеннің жәдігері болып қалмай, қазіргі дамудың қуатты ресурсына айналуы керек», – деді Аида Балаева.

    Жоба аясында қатысушылар ұлттық қолөнердің 10 бағыты бойынша тәжірибелік білім алды. Бағдарламаға зергерлік өнер, ағаш пен тері өңдеу, киіз басу, қыш өнері, кілем тоқу, сүйек ою және дәстүрлі қолданбалы өнердің өзге де түрлері енгізілді.

    Сондай-ақ жобада инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлінді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы топ құрылып, сабақтар олардың шығармашылық қабілетін ашуға, ұсақ моторикасын жетілдіруге және практикалық еңбек дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

    Қорытынды іс-шарада тәлімгер шеберлер мен жоба түлектеріне сертификаттар табысталып, олардың авторлық жұмыстары таныстырылды. Білім беру бағдарламасының қорытындысы шығарылды.

    Байқауға 450-ден астам өтінім түскен. Конкурстық іріктеу нәтижесінде 208 қатысушы тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Тәлімгер шеберлерді іріктеу де үлкен қызығушылық туғызды. Еліміздің барлық өңірінен 331 өтінім қабылданып, техникалық іріктеуден өткен 271 өтінімді конкурстық комиссия қарады. Нәтижесінде Қазақстанның ұлттық қолөнер саласындағы 10 үздік шебер таңдалды.

    «Ұлттық қолөнер мектебі» ұлттық мәдени мұраны сақтап, оны жас ұрпаққа сабақтастықпен жеткізуге, дәстүрлі қолөнерді кеңінен дәріптеуге және оны заманауи креативті индустрияның маңызды бағыттарының бірі ретінде дамытуға арналған.

    Жоба балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, ұлттық өнерге қызығушылығын арттыруға және болашақ креативті индустрия өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →