Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді

    Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды

    Әкімдіктің бақылаусыздығы: Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесі қоқыс алаңына айналды

    Фото: видеодан скрин

    Қарағанды қаласы, Қамали Дүйсембеков көшесі 34/2 мекенжайындағы тұрғындар күнделікті тұрмыстық қалдықтардың астында қалып, жергілікті әкімдік пен жауапты қызметтердің әрекетсіздігіне наразылық білдіруде. Аула ішінде тау болып үйілген қоқыс тек аймақтың сәнін кетіріп қана қоймай, төтенше санитарлық қауіп төндіріп тұр.

    Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай бір күндік мәселе емес — әкімдік тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан мердігер ұйымдар өз міндетін жүйелі түрде орындамай келеді. Жергілікті билік өкілдері тазалық жұмыстарын дер кезінде ұйымдастырудың орнына, халықтың арыз-шағымын аяқасты етіп отыр. Жауапты коммунальдық мекемелер қоқыстың тазартылғанын айтып есеп бергенімен, шынайы көрініс әкімдіктің сөзі мен ісінің сәйкес келмейтінін анық көрсетеді. Халық қала билігінен құрғақ сөзді қойып, бұл антисанитариялық заңсыздықты шұғыл түрде қолға алып, нақты шара қолдануды талап етеді.

    Видео:@ekaraganda.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →