Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты
Фото: видеодан скрин
Ақтауда жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, жаппай жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota Sequoia жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada Granta және Toyota Camry көліктерімен соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Camry көлігін басқарған 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Барлығы 5 адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Үш көлік те арнайы айып тұрағына қойылды.
