«Орын берсең де жақпайсың»: Бішкектегі автобуста болған төбелес туралы жаңа мәліметтер шықты
Бишкекте автобуста орын беруге байланысты төбелес болды. 80 жастағы әйел мен жас қыз арасындағы жанжал видеога түсіп, желіде тарады. Екі тараптың нұсқасы тексерілуде.
Видеодан кадр
Атышулы жанжал Қырғызстанның Бішкек қаласындағы №2 автобус ішінде орын алған. Жапа шеккен әйелдің айтуынша, ол 80-нен асқан қариялар үшін бойжеткеннен орын босатуды сұраған, ал қыз еш қарсылықсыз тұрып берген. Алайда бірнеше аялдамадан кейін жас қыз оны телефонға түсіріп, наразылығын білдіріп, сөзге келген. Ауызша жанжалдың соңы төбелеске ұласып, салдарынан егде әйел миы шайқалып, қабағына тігіс түскенін айтады. Жәбірленушінің ұлы желіде тараған алғашқы видеоның толық емес екенін және шындықты бұрмалап тұрғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша екі тараптың да нұсқасы тексеріліп жатыр.
Видео: @kokshetaureklama
