Жезқазғанда екі бірдей жер үй өртенді
Фото: видеодан скрин
Ұлытау облысының Жезқазған қаласында саяжай алқабындағы екі үйден өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Башенная көшесі бойындағы саяжай аумағында болған. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері өртті толық сөндірді.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.
