Ақмолада екі бала ажал құшты
Фото: Pixabay
Ақмола облысындағы Қоянды ауылында екі кәмелетке толмаған қыз суға батып, қаза тапты. Қайғылы жағдай 10 тамыз күні су қоймасының орталық жағажайында болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Ақмола облысы Полиция департаментінің алдын ала ақпаратына сәйкес, екі қыз суға шомылу кезінде батып кеткен.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді өңірлік ведомстводан.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.
