Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды
Фото: видеодан скрин
Маңғыстаудағы Аташ жағажайы маңында Каспий теңізінің бетінде майлы дақ пайда болып, жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Қоғамда дабыл қағылғаннан кейін ғана, 8 тамызда Экология департаментінің мамандары оқиға орнына жетіп, тексеру жүргізді. Экологтар теңіз суынан сынама алғанымен, бұл жағдайдың мұнай өнімдерінің төгілуінен болғанын әлі де нақты растамай отыр. Қазіргі уақытта Аташ аумағы мен іргелес акваторияда мониторинг жұмыстары жүргізіліп, зертханалық сараптаманың қорытындысы күтілуде. Жауапты мекемелер мен жергілікті әкімдік теңіз бетіндегі дақтың неден пайда болғанын ашық айтпай, нақты себебін әлі де жасырын ұстап отырғандай. Табиғат жанашырлары мен халық әкімдік тарапынан жедел әрі батыл шара қолданылмаса, экологиялық апаттың салдары ауыр болатынын айтып дабыл қағуда.
Видео: @vyhod_k_pravde
