Ақтөбедегі апатты жол: Әкімдік халықаралық трассаның сапасын қашан оңдайды?
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Ақтөбе мен Ресейдің Орск қаласын жалғайтын халықаралық автожолдың аянышты сапасы түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Желідегі aqtobe_sergek парақшасында жарияланған кадрлардан Ақтөбе өңіріндегі асфальттың ойылып, жол сапасының жүруге мүлдем жарамсыз болып тұрғанын анық көруге болады. Күн сайын жүздеген көлік қатынайтын бұл бағыттың тозып кетуі жүргізушілердің өміріне тікелей қауіп төндіріп отыр. Ақтөбе облысының әкімдігі мен жолға жауапты мекемелер бұл маңызды трассаның сапасын бақылаусыз қалдырғаны халықтың наразылығын тудырды. Тұрғындар бюджеттің қаржысына салынған жолдың неге сонша төмен сапада жасалғанына жауап талап етуде. Шенеуніктер тарапынан Ақтөбедегі бұл сапасыз жолды жөндеуге қатысты әлі күнге дейін ресми реакция болған жоқ.
Видео: aqtobe_sergek
