Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды • Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды • Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды •

    Шанхайда 1000-ға жуық рейс тоқтады: «Дельфин» тайфуны Қытайды әбігерге салды

    Шанхайда 1000-ға жуық рейс тоқтады: «Дельфин» тайфуны Қытайды әбігерге салды

    Фото: видеодан скрин

    Қытайдың шығысындағы бірқатар өңірде «Дельфин» тайфунына байланысты миллионнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Олардың қатарында Шанхай тұрғындары да бар, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы BBC-ге сілтеме жасап.

    Табиғи апат өңірдегі қалыпты тіршілікке айтарлықтай әсер етті. Толассыз жауған жаңбыр көлік қозғалысын қиындатып, Шанхай әуежайларында 1000-ға жуық рейс тоқтатылды.

    Қазіргі уақытта «Дельфиннің» күші біртіндеп бәсеңдеп келеді. Осыған байланысты Қытай билігі оны тайфун деңгейінен тропикалық дауыл санатына түсірген. Дегенмен қауіп толық сейілген жоқ. Дауыл солтүстік бағытқа қарай жылжып бара жатқандықтан, 12 тамызға дейін бірқатар өңірде нөсер жауын, су тасқыны мен лай көшкіні болуы мүмкін.

    Бұған дейін Қытайда «Дельфинге» байланысты қауіптің ең жоғары – қызыл деңгейі жарияланған еді. Ол биыл ел аумағына жеткен ең күшті дауылдардың бірі саналады.

    Метеорологиялық қызметтің дерегінше, тайфун 9 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30 шамасында Чжэцзян провинциясының Юйхуань қаласына жеткен. Сол сәтте желдің екпіні сағатына 150 шақырымға дейін күшейген. Арада шамамен бір сағат өткенде табиғи апат Вэньчжоу қаласының маңында қайтадан құрлыққа шыққан.

    10 тамызда Шаньдун, Хэнань, Хубэй, Аньхой, Цзянсу және Чжэцзян провинцияларында, сондай-ақ Шанхайда қатты жауын-шашын болады деп болжанған. Билік тұрғындарды ауа райына байланысты ескертулерді қадағалап, қауіпті аймақтарға бармауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →