Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды •

    Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды

    Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды
    Фото: threads.com/fonbetru

    Аргентина құрамасы мен америкалық «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси жақында қайтыс болған әкесімен қоштасу үшін Аргентинаға ұшып келді, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Хорхе Месси ұзақ уақыт бойы науқастанып, 7 тамыз күні 69 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. 9 тамыз күні Лионель Месси Аргентинаның Росарио қаласында әкесі Хорхе Мессиді ақтық сапарға шығарып салды. Оған марқұмның ең жақын туыстары мен отбасының достары ғана қатысты.

    Аргентинаның Clarin басылымының мәліметінше, Хорхе Месси ұзақ уақыт бойы науқастанып, 7 тамызда сағат 22:00 шамасында Росарио клиникаларының бірінде көз жұмды. Кейінгі жылдары ол ұзаққа созылған аурумен күресіп келген еді. Хорхе Мессидің денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпараттар 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының кезінде-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тарады.

    Лионель Мессидің әкесі Хорхе әлемдік жұлдыздың қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Лионель бала кезінде қымбат емге мұқтаж болғанда, ұлының футболдағы мансабын жалғастыра алуы үшін мүмкіндіктер іздеген дәл осы әкесі болатын.

    2000 жылы Лионель Месси 13 жасында отбасымен бірге Испанияға көшті. Бұған «Барселонаның» жас футболшының емделу шығындарын өз мойнына алуы себеп болды. Хорхе Месси ұлының жанында болып, оның клубта футбол мансабын жалғастыру туралы шешімін қолдады. Хорхе Месси Селия Куччиттинимен некеде болған. Ерлі-зайыптының Лионель, Родриго, Матиас және Мария Соль есімді төрт баласы бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →