Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті

    Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры, ана махаббаты мен өмірлік таңдау туралы ой бөлісті. Оның сөзінше, әйел кез келген жағдайда ана болудан бас тарта алмайды.

    Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті

    Сурет: ozgeris.info

    Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әйел тағдыры, ана махаббаты және өмірлік таңдау туралы тебіренткен ойларын жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесі Алматы қаласындағы көрермендеріне алғысын білдіріп, әйелдердің өмір жолында кездесетін сан алуан сынақтарға тоқталды. Оның айтуынша, әйел кейде сүйгені үшін, адалдығы үшін немесе өз бақытын құруға ұмтылғаны үшін де сынға ұшырайды.

    «Алматы көрермені, мың алғыс! Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады. Кейде ана жүрек өзгенің баласын өзімдей көріп, бауырына басқаны үшін таңдау құрбандығына шалынады. Кейде өз өмірін ретке келтіруге тырысқаны үшін жапа шегеді. Кейде бақытты болуға тырысқаны үшін ұятты болады. Осының ішінде бір анығы болса ол — әйел ешқашан ана болудан бас тарта алмайды», – делінген актрисаның жазбасында.

    Актриса әйелдің қоғамдағы орны мен ана ретіндегі болмысына ерекше мән беріп, қандай жағдай болмасын, аналық сезім мен балаға деген махаббаттың әйел өміріндегі маңыздылығын атап өткен.

    Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл жазбасы оның әйел тағдыры, махаббат пен аналық жауапкершілік туралы терең ой-толғамдарымен ерекшеленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →