Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды •

    «Шал тілінен тапты»: Роза Әлқожа өзін кінәлағандарға жауап берді

    «Шал тілінен тапты»: Роза Әлқожа өзін кінәлағандарға жауап берді

    Фото: коллаж 

    Әнші Роза Әлқожа соңғы күндері әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, тойдағы даулы оқиғадан кейін әсіре діншіл азаматтар өзін кінәлап, түрлі айыптар тағып жатыр.

    Еске салайық, Түркістан облысындағы тойда түсірілген бейнежазбаны алғашқылардың бірі болып әлеуметтік желіге Роза Әлқожа жариялаған. Кейін бұл видео қоғамда қызу талқыланып, тойда уағыз айтқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Осыдан кейін әншіге әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан сын көбейген.

    «Кешеден бері осы мәселеге байланысты пікірталас жүріп жатыр. Біз де діннен алыс емеспіз. Алладан қорқатын мұсылманбыз. Бауырларымның барлығы намаз оқиды. Бірақ әсіре діншілдер бізге қарсы шығып жатыр», – деді Роза Әлқожа.

    Әншінің сөзінше, кейбір адамдар оны «қожа бола тұра мұсылманға қарсы шықты» деп айыптап жүр.

    «Қожалар ғана емес, бәріміз мұсылманбыз. Бұл жолды толық ұстанатындар да, ұстана алмайтындар да бар. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін бір Алла біледі. Бізге Аллаға құлшылық етуді нәсіп етсін. Жүрегімізде Бәрімізде бір Алла бар. Бұл – қоғамның берген бағасы. Биліктің де өз заңы бар. Дінді құбыжық етіп көрсеткені үшін өз сөзінен тапты. Бұл да – Алланың қалауымен болған іс. Ол шалды соттатқан жоқпын, арыз жазған жоқпын. Халыққа тастап жібердім. Ол жерде мен қорландым. асаба да, той иелері де мені қорғаған жоқ. Бала-шағамды тастап, қуанышына ортақтасайын деп сонша жерден барып тұрмын. Бұл-қоғамның соты», – деді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →