Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды

    Қазақ футболы қара жамылды

    Қазақ футболы қара жамылды

    Фото: «Астана» ФК

    «Астана» футбол орталығының жаттықтырушысы әрі футбол және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамаларының бұрынғы ойыншысы Александр Лисин 55 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жаттықтырушының қазасына не себеп болғаны ресми түрде жарияланған жоқ, бірақ БАҚ жүрек ауруы себеп болуы мүмкін екенін жазды.

    Целиноград футболының тәрбиеленушісі мансабын «Целинникте» бастап, кейін «Жеңіс» пен «Наша компания» сапында ойнаған. 1994 жылы ұлттық құрамаға шақырту алып, ел намысын төрт кездесуде қорғады.

    Футболдағы мансабын аяқтаған соң, біраз уақыт футзал ойнап, бұл спорт түрінен де ұлттық құрама деңгейіне дейін көтерілді. Кейін бапкерлікке ауысып, «Астана» ФК-ның жастарды тәрбиелейтін мамандар тобына қосылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →