Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда

    Дастан Сәтпаев «Челси» – «Ювентус» матчынан кейін қандай баға алды?

    Дастан Сәтпаев «Челси» – «Ювентус» матчынан кейін қандай баға алды?

    Фото: ФК «Челси»

    Flashscore спорттық статистика сервисі Англияның «Челси» және Италияның «Ювентус» клубтары арасындағы жолдастық кездесуден кейін футболшылардың бағаларын жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Sportarena.kz мәліметінше, матч Гонконгта өтіп, туриндік ұжымның 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 68-минутта Эдон Жегрова соғып, «Ювентусқа» жеңіс сыйлады.

    Матч қорытындысы бойынша Flashscore сарапшылары қазақстандық «Қайрат» клубының түлегі Дастан Сәтпаевтың ойынын 6,5 ұпайға бағалады.

    Ал ойынның үздік футболшысы атанған «Ювентус» жартылай қорғаушысы Эдон Жегрова жеңіс голының арқасында 7,8 ұпай жинап, кездесудегі ең жоғары бағаға ие болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →