Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? •

    Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаеваның қызының тойына неге бармағанын түсіндірді

    Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаеваның қызының ұзату тойына шақырылмағанын, бірақ реніш білдірмейтінін айтты.

    Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаеваның қызының тойына неге бармағанын түсіндірді

    Сурет: aikyn.kz

    Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрағына жауап беріп, әріптесі Алтынай Жорабаеваның қызының ұзату тойына қатыспау себебін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесінің сөзінше, ол тойға шақыру алмаған. Дегенмен, ешкімге реніш білдірмейтінін, керісінше әріптесін де, оның өнерін де құрметтейтінін жеткізді.

    «Алтынай Жорабаева ең әуелі менің әріптесім және баламның қарындастарының анасы. Өзін де, өнерін де құрметтеймін. Тойға шақырту алмағаныма еш ренішім жоқ. Әркім өз қуанышына кімді шақыратынын өзі біледі, бұл – әр адамның жеке таңдауы. Мүмкін ішкі ойы, мүмкін маған деген өзіндік көзқарасы себеп болған шығар. Ол жағын білмедім. Көрген жерде сәлеміміз түзу, сыйластығымыз орнында. Тек жақсылық тілеймін! Екі өнер адамынан жау жасаудың қажеті жоқ. Бізді араластырып, жарыстырып, шоу жасауға тырыспаңыздар. Ондай деңгейден өтіп кеткенмін. Мен тек ізгілік пен бақыт тілеймін», — деді ол.

    Сараптамалық мақалалар мен күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан табуға болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →