Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады

    «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады
    Фото: instagram, karakat_a

    Қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында адамгершілік, достық және туыстық қарым-қатынастың қадірі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі жазбасын ақын С. Әбеновтің өлең жолдарымен бастап, өмірдегі ең үлкен байлық – дүние-мүлік емес, адал достық пен сыйластық екенін атап өтті.

    «Қу дүние қуып, жақыннан суып кеткендер қанша өмірде… Бәрі де жалған, бәрі де қалған, байлыққа сонша берілме! Шын байлық деген – адал достарың, жақсымен бірге қадам басқаның. Сыйластық сәні, өмірдің мәні – сол ғана», – деп жазды әнші.

    Қарақат Әбілдинаның айтуынша, бұл әнді алғаш тыңдағанда жақындарынан алыстап кеткен адамдар ойына оралған. Әсіресе, бір туған бауырлардың өкпелесіп, бір-бірімен араласпай жүргенін көру оған ауыр әсер қалдыратынын жеткізді.

    Сондай-ақ ол өзіне таныс жанның анасымен араласпайтынын естігенде қатты таңғалғанын жасырмады.

    «Бір таныс қыздың: «Туған анаммен араласпаймын. Бір-бірімізді мүлде түсінбейміз», – дегенін естігенде жағамды ұстадым. Анадан артық кім жақын? Мұндай жағдай да болады екен-ау деп ойладым», – деді өнер иесі.

    Әнші уақыт өте келе адамдар бір-бірін түсініп, татуласады деген үмітін білдірді. Дегенмен, оның сөзінше, жоғалған уақыт пен суыған көңілді қайта қалпына келтіру оңай емес.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →