Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Индира Расылхан сихрдан зардап шегіп, «Аятул Күрсиді» 300 рет оқуды ұсынды Ауа райы 1 тамызда: оңтүстікте +44°-қа дейін, солтүстікте жаңбыр мен бұршақ 65 жастан асқан жүргізушілерге медициналық тексеру: ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді Қажылық 25 жыл бойы жаз мезгілінде өтпейді Гүлзира Айдарбекова марқұм фельдшердің жұбайының қайта үйленуін сынға алды Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы Индира Расылхан сихрдан зардап шегіп, «Аятул Күрсиді» 300 рет оқуды ұсынды Ауа райы 1 тамызда: оңтүстікте +44°-қа дейін, солтүстікте жаңбыр мен бұршақ 65 жастан асқан жүргізушілерге медициналық тексеру: ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді Қажылық 25 жыл бойы жаз мезгілінде өтпейді Гүлзира Айдарбекова марқұм фельдшердің жұбайының қайта үйленуін сынға алды Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы

    Индира Расылхан сихрдан зардап шегіп, «Аятул Күрсиді» 300 рет оқуды ұсынды

    Қазақстандық әнші Индира Расылхан сихрдан зардап шегіп жүргенін айтып, «Аятул Күрси» сүресін 300 рет оқуға кеңес берді.

    Индира Расылхан сихрдан зардап шегіп, «Аятул Күрсиді» 300 рет оқуды ұсынды

    Сурет: sn.kz

    Әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған әнші Индира Расылхан бірнеше жылдан бері сихрдың зардабын тартып келе жатқанын айтып, бұл дерттен арылу үшін «Аятул Күрси» сүресін 300 рет оқуға кеңес берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесінің айтуынша, мұндай кеселге тап болған немесе бойында сихр, көз тию не қызғаныш (хасад) әсері барына күдіктенетіндер үзіліссіз 300 рет «Аятул Күрси» оқуы қажет.

    «Мен сияқты шаршап, қажып жүргендерге кеңесім болсын деп айтып жатырмын. Алланың қалауымен әлсірейді, кейбірі шығып кетеді. Тек ағузубиллаһқа (шайтанға) жол бермеңіздер. Қолдарыңыздан келеді, мен сенемін. Алла жеңілдігін берсін», – деп жазды әнші.

    Индира Расылхан соңғы уақытта әлеуметтік желіде рухани тақырыптарды жиі көтеріп, жеке тәжірибесі мен діни көзқарастары туралы ой бөлісіп жүр. Оның бұл жолғы жазбасы желі қолданушылары арасында үлкен талқыға түсіп, көпшілік әншіге қолдау білдірген. Кейбір оқырмандар өздерінің де осындай қиындықты бастан өткергенін айтып, пікірлерімен бөлісті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →