Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі қызына бақыт тіледі
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі Әлішер әлеуметтік желіде әйелінің бірінші некесінен туған қызына бақыт тілеп, кейін жұбайымен бірге ортақ жазба жариялады.
Сурет: ozgeris.info
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі Әлішер әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялап, әйелінің бірінші некесінен туған қызына бақыт тілейді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
«Бақытты болыңдар, балапандарым», — деген сөздермен ол қызға арналған тілегін білдірген.
Осыдан кейін Алтынай мен Әлішер екеуі бірлесіп, ортақ жазба жариялады. «Қызым, сен қайда жүрсең де, біздің дұғамыз әрдайым сенімен бірге. Барған жеріңде бағың жансын, жүзіңнен күлкі кетпесін, отбасыңның берекесі болып, ұрпағыңның қызығын көр. Алла екі дүниенің бақытына кенелтсін. Әмин», — деп жазды Алтынай.
Желі қолданушылары екеуіне тәнті болып, жазбаға түрлі пікірлер білдірді.
