Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр • Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр • Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты •

    «Соғысты тоқтатыңыз»: Трамп Зеленскийге үндеу жасады

    «Соғысты тоқтатыңыз»: Трамп Зеленскийге үндеу жасады
    Фото: АР
    АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейге қарсы соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы Трамп 29 шілде күні Ақ үйде журналистермен кездесуі кезінде мәлімдеді. Кездесудің тікелей эфирі Ақ үйдің YouTube-арнасында көрсетілді.

    Екі ел президентінің кездесуі 28 шілдеде өтіп, шамамен бір сағатқа созылды. Кездесуге АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды мүшелері де қатысты. Кейіннен Дональд Трамп та, Владимир Зеленский де келіссөздің нәтижесіне оң баға берді.

    Журналистер Трамптан Зеленскиймен соңғы кездесуінің қалай өткенін сұрады.

    «Мен оның соғысты тоқтатқанын қалаймын. Барлығы өте қарапайым. Менің Путинмен де, Зеленскиймен де қарым-қатынасым жақсы. Мен оған: «Соғысты тоқтатыңыз», – дедім. Өткен айдың өзінде 25 мың адам қаза тапты», – деп жауап берді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →